Қазақстан Республикасы соңғы екі апта бойы жасыл аймақта тұр

Қазақстан Республикасы соңғы екі апта бойы жасыл аймақта тұр

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов: «Эпидемиологиялық жағдайдың матрицасына сәйкес Қазақстан Республикасы соңғы екі апта бойы жасыл аймақта тұр.
🔴 Бүгінгі күні қызыл аймақта тұрған өңір жоқ.
🟡Сары аймақта – 5 өңір (Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы) бар.
🟢Қалған 11 өңір жасыл аймақта орналасқан.
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жалғасуда. Бүгінгі күні бірінші компонентпен 20 157 адам егілді. 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен егу басталды, 2 137 адам егілді, қолайсыз көріністер тіркелген жоқ».