Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

2020 жылғы 30 қарашада Шортанды аудандық сайлау комиссиясына «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» және «Қазақстанның Халық партиясы» облыстық филиалдарының  Шортанды аудандық мәслихаты депутаттарының сайлауына кандидаттар ұсыну туралы құжаттары ұсынылды:

  1. Саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;
  2. Саяси партия өкілінің оның өкілеттігін растайтын құжаты;
  3. Электрондық және қағаз жеткізгіштердегі партиялық тізім;
  4. Азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініші;
  5. Партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың өмірбаяндық деректері;
  6. Партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың жеке куәліктерінің көшірмелері;
  7. Уәкілетті адам қол қойған және саяси партияның мөрімен расталған саяси партияға мүшелігін растайтын құжаттар.
  8. Саяси партияны тіркеу туралы құжаттың көшірмесі.

Аудандық сайлау комиссиясы партиялық тізімдерге енгізілген Шортанды аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттардың тиісті органдарға сұрау салу негізінде оларға Конституциямен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңымен қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтайды.

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну, егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау күнінен екі ай бұрын басталады және оған бір ай қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы