2020 жылғы 1 желтоқсанда Шортанды аудандық сайлау комиссиясына «ADAL» саяси партиясы» облыстық филиалы Шортанды аудандық мәслихаты депутаттарының сайлауына кандидаттар ұсыну туралы құжаттары ұсынылды:
Аудандық сайлау комиссиясы партиялық тізімдерге енгізілген Шортанды аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттардың тиісті органдарға сұрау салу негізінде оларға Конституциямен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңымен қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтайды.
Партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну, егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау күнінен екі ай бұрын басталады және оған бір ай қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы