Раевка ауылдық округінде жаңа әкім тағайындалды

Раевка ауылдық округінде жаңа әкім тағайындалды

Жаңа басшының алдына бірқатар әлеуметтік және экономикалық бағдарламаларды іске асыру бойынша міндеттер қойылды.

Шортанды ауданы әкімінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы өкімімен Марат Төлегенұлы Мұқашов Раевка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды. 

Марат Мұқашов 1982 жылы туған, 2005 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін "Ветеринариялық-санитариялық дәрігер" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы ҚР АШМ Шортанды аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы болып бастаған. 2010 жылдан 2012 жылға дейін Шортанды ауданының "Ветеринария бөлімі" ММ басшысы болып жұмыс істеді.  2012 жылы Шортанды кентінде "Даржан Групп" ЖШС өндіріс меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2013 жылдан бастап ШЖҚ "Шортанды Ветсервис" МКК директоры және Шортанды ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басшысы қызметтерін атқарды.

2019 жылғы шілдеден 2020 жылғы қарашаға дейін жеке кәсіпкер ретінде еңбек етті.

Үйленген, екі ұлдың әкесі.