Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау

Аудан әкімі Г. Қ. Қасенов ішкі саясат бөлімінің жаңа басшысын таныстырды.

Аудан әкімінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы өкімімен Шортанды ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысының міндетін атқарушы болып Жапаров Ерболат Дәуренұлы тағайындалды.

Ерболат Жапаров 1989 жылы туған, 2 жоғары білімі бар. 2014 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін "Экология" мамандығы бойынша, 2018 жылы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша оқуын аяқтады.

Еңбек жолын 2010 жылы Шортанды кентінің "Шортанды №1 орта мектебі" ММ АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы мамандығынан бастады.

2015-2018 жылдары Шортанды ауданының ішкі саясат бөлімі жанындағы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-де директор болып жұмыс істеді.

Тағайындау күніне дейін Шортанды ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының директоры қызметін атқарды.