«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

2020 жылдың 27 қарашасы күні БЖЗҚ «Ашық есік күнін» өткізеді. 

Күн тәртібіндегі басты мәселе колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін Қордың жұмысымен және еліміздің зейнетақы жүйесімен таныстыру болады. Көпшілігі болашақта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына айналады, бірақ қазірдің өзінде біз олардан көптеген сауалдар күтеміз.

БЖЗҚ мамандары оларға Қазақстанның зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері, өздерінің зейнетақы капиталын қалыптастырудың маңыздылығы, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілдері туралы баяндап, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны есептейді. Қордың салымшылармен өзара іс-қимыл арналары туралы және тағы басқа көптеген ақпаратпен бөліседі.

Ашық есік күніне қатысуға ниет білдірген әр адамның үйден шықпай-ақ, іс-шара тақырыбы ғана емес, жалпы зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты өзге де сауалдарға жауап алу мүмкіндігі болады. 

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 27 қарашада сағат 10:00 ден 16:00 ге дейін өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту керек.

/https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ec8dc8c1caa6a9c810ea4339be569497b басталуы сағат 10:00де. event-мәжіліс нөмірін 176 204 0350, 1234 паролін енгізіңіз;

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e83f2eb60f74788fd31fdbb051067fda4 басталуы сағат 12:00де. event-мәжіліс нөмірін 176 085 912, 1234 паролін енгізіңіз;

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=eefa03f311a317544be68442bd2b95f6f басталуы сағат 14:00де. event-мәжіліс нөмірін 176 238 5929, 1234 паролін енгізіңіз;

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e677adc843084960faa7b525bfe1c4198 басталуы сағат 16:00де. event-мәжіліс нөмірін 176 472 8961, 1234 паролін енгізіңіз.

 

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушылар мен барлық қатысуға ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!    

«БЖЗҚ» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы филиалының байланыс нөмерлері 8 (7172) 32 11 87, 32 14 79