Орталық стадионда Спорт күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Орталық стадионда Спорт күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Спорт күні атап өтілді

Орталық стадионда Спорт күніне орай мерекелік іс-шара өтті.

Шара барысында аудан әкімі спортшылар мен сала мамандарын айтулы мерекемен құттықтап, спорттың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы және жастарды тәрбиелеудегі маңыздылығын атап өтті. Белсенді спортшылар мен сала үздіктеріне алғыс хаттар мен медальдар табысталды.

Мерекелік шара барысында өнерпаздар ән мен биден шашу шашып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Баршаңызды Спорт күнімен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, спортта биік жетістіктер мен толағай жеңістер тілейміз! Спорт әрдайым серігіміз болсын!