Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аппараттық кеңес өтті.

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аппараттық кеңес өтті.

Кеңес барысында 2026 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша бюджеттің игерілуі және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Аталған мәселелер бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мұнтаева Жібек Қалиқызы баяндама жасады.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі белсенділігіне жүргізілген мониторинг нәтижелері талқыланды. Бұл мәселе бойынша ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тынысбекова Балшекер Қалабайқызы ақпарат берді.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар жүктелді.