Аудандық сайлау комиссиясының отырысы

Аудандық сайлау комиссиясының отырысы

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес ағымдағы жылғы 20 қарашада Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Отырысқа саяси партия мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Отырыста «Nur Otan» партиясы Шортанды аудандық филиалының партиялық тізімінің сәйкестігін анықтау мәселесі қаралды»
Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы 2020 жылғы 14 қарашада «Nur Otan» партиясы аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу үшін партиялық тізімді ұсынғанын хабарлады.

Тіркеу үшін партия филиалынан келіп түскен құжаттарды қарап, аудандық сайлау комиссиясы келесі шешім шығарды:

«Nur Otan» партиясы филиалының партиялық тізіміне енгізілген аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар мәслихат депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келеді.