Шортанды ауданы әкімдігінің мәжіліс залында алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Шортанды ауданы әкімдігінің мәжіліс залында алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес барысында елді мекендерді су тасқыны қаупіне уақтылы дайындауға бағытталған өзекті мәселелер қаралып, оларды шешу жолдары айқындалды.

Аудан әкімі кент және ауылдық округ әкімдерінің бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстар туралы есептерін тыңдады. Атап айтқанда, су бұру арналарының тазалануы, су өткізу құрылыстарының дайындалуы және басқа да су тасқынының алдын алу шараларының орындалу барысы қарастырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі барлық жоспарланған су тасқынына қарсы іс-шараларды тамыз айына дейін толық аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ белгіленген мерзімдердің қатаң сақталуын және алдағы су тасқыны кезеңіне толық дайындықты қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.