Саяси партияларды ұсыну

Саяси партияларды ұсыну

2020 жылғы 14 қарашада аудандық сайлау комиссиясына «Nur Otan» партиясының аудандық филиалынан Шортанды аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі тіркеу үшін ұсынылды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 103-бабының 2-тармағына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс мәслихатының депутаты болып сайлану үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу саяси партияның тиісті филиалы (өкілдігі) жоғары басшы органы мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен жүргізіледі.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 103-бабының 4-тармағына сәйкес саяси партияның тиісті филиалы (өкілдігі) жоғары басшы органының шешімі азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтінішімен бірге тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жіберіледі.

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну, егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау күнінен екі ай бұрын басталады және оған бір ай қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

 

Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы