Аудан әкімінің Қаржыгер күнімен және Ұлттық валюта күнімен құттықтауы

Аудан әкімінің Қаржыгер күнімен және Ұлттық валюта күнімен құттықтауы

Құрметті шортандылықтар!

Сіздерді ұлттық валюта - теңге күнімен және Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлттық валюта теңге - бұл Тәуелсіздігіміздің нышандарының бірі! 1993 жылы 15 қарашада еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық валюта - теңге айналымға енгізілді. Бұл тарихи оқиға Қазақстанның тәуелсіз экономикалық кеңістігін қалыптастырып, қаржы нарығының қалыптасуының негізгі себебі болды.

Ұлттық валютаны енгізуден басқа, ел басшылығы барлық қаржы жүйесін нығайту бойынша батыл шаралар қабылдады, онсыз Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстары мүмкін болмас еді.

Бұл жетістіктерде біздің ауданның қаржы органдары қызметкерлерінің де еңбегі бар, олардың арасында тәжірибелі, өз ісіне берілген жоғары білікті мамандар да аз емес. Бүгінгі таңда жұмысы қаржы саласымен тікелей байланысты әрбір адам құттықтауларды қабылдайды. Олардың ауданның және жалпы еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қосатынына сенімдімін.

Сіздерге зор денсаулық, амандық, бақыт, ертеңгі күнге деген сенімділік, алдарыңызда тұрған міндеттерді шешуге сарқылмас күш-қуат тілеймін!

 

Құрметпен,

Шортанды ауданының әкімі Гайдар ҚАСЕНОВ