АУДАН ӘКІМІ ГАЙДАР ҚАСЕНОВТЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

АУДАН ӘКІМІ ГАЙДАР ҚАСЕНОВТЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті ауыл еңбеккерлері және өңдеуші өнеркәсібінің жұмыскерлері, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - ауыл шаруашылығы қызметкерлері Күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ауыл шаруашылығы Шортанды ауданы экономикасының маңызды саласы болып табылады. Соңғы жылдары республикалық деңгейде ауыл еңбеккерлеріне сенімді қолдау көрсетуді және сала кәсіпорындарының серпінді дамуын қамтамасыз ететін бірқатар стратегиялық шешімдер қабылданды. Бүгінде біздің алқаптарымызда заманауи техника жұмыс істейді, фермерлік шаруашылық дамуда, А.И. Бараев атындағы ғылыми институт табысты жұмыс істеуде.

Біздің болашаққа деген сенімділігіміз, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі диқаншыларының, мал өсірушілердің, механизаторлардың, басқа да көптеген мамандық иелерінің еңбегінің нәтижелеріне байланысты.

Ағымдағы жылы біздің ауданда 30 млрд.88 млн. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 124,7 пайызды құрады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдері 25 млрд.986 млн. теңгеге, нақты көлем индексі — 131,9 пайызға, мал шаруашылығы – 5 млрд. 57 млн. теңгеге, нақты көлем индексі – 100,7 пайызға өндірілді. Өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда бұл 8 млрд.507 млн. теңгеге артық, орындалуы 43,5 пайызды құрады. Сондай – ақ, ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өсімдік шаруашылығын дамытуға 915,6 млн.теңге және мал шаруашылығы саласына - 60 млн. теңге, барлығы 975,6 млн. теңге көлемінде субсидия алды.

2020 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша дәнді дақылдардың орташа өнімділігі 15,7 ц/га құрады, бұл Ақмола облысы бойынша ең жоғары көрсеткіш екенін ерекше атап өткім келеді.

Құрметті жерлестер! Агроөнеркәсіптің қызметкерлері мен ардагерлеріне еңбексүйгіштігі, ісіне адалдығы, жоғары жауапкершілігі мен жанқиярлығы үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Ауданымыздың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, біз бірге алға қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін.

Сіздерге шын жүректен денсаулық, амандық, болашаққа деген сенімділік, ауданымыздың, Қазақстанымыздың игілігі үшін жаңа маңызды жетістіктер тілеймін!