9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Шортанды кентінің орталық саябағында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Шортанды кентінің орталық саябағында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында соғыс жылдарында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Мерекелік шараға аудан тұрғындары, ардагерлер, мекеме қызметкерлері мен жастар қатысты. Жиналған қауым майдангерлерге құрмет көрсетіп, олардың ерлігіне тағзым етті.

Шара барысында патриоттық әндер шырқалып, театрландырылған көріністер мен сахналық қойылымдар ұсынылды. Өнерпаздар әскери жылдардағы рухты бейнелейтін концерттік бағдарламаларын ұсынып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Мерекелік жиында аудан әкімі Шабаров Сағындық Серікбайұлы сөз сөйлеп, тұрғындарды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады. Өз сөзінде ол ардагерлердің ерлігі мен ел үшін жасаған жанқиярлық еңбегі әрдайым ұрпақ жадында сақталатынын атап өтті. Сондай-ақ, бейбіт өмір мен ел бірлігінің маңыздылығына тоқталып, барша тұрғындарға амандық пен тыныштық тіледі.

Іс-шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.