Шортанды ауданының орталық алаңында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті.

Шортанды ауданының орталық алаңында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті.

Мерекелік шара барысында ұлттық дәстүрлер дәріптеліп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.

Алаңда түрлі ұлттық спорт жарыстары ұйымдастырылып, қатысушылар өз бақтарын сынады. Сонымен қатар, Қыдыр ата келіп, жұртшылыққа ақ батасын берді.

Аудан әкімі тұрғындарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ, жарыстарда үздік нәтиже көрсеткен спортшылар арнайы марапаттарға ие болды.

Мереке аясында тігілген киіз үйлерде ұлттық тағамдар ұсынылып, салт-дәстүрлер көрсетілді. Қонақтар киіз үйлерді аралап, қазақ халқының бай мұрасымен танысты.

Наурыз мерекесі аудан тұрғындары үшін бірлік пен берекенің жарқын көрінісіне айналды.