Құрметті Шортанды ауданының тұрғындары!

Құрметті Шортанды ауданының тұрғындары!

2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға байланысты Шортанды ауданының әкімдігі сайлаушылар тізімін нақтылау және өзектендіру мақсатында Call-орталықтың құрылғаны туралы хабарлайды.

Егер сіз өз деректеріңіздің тізімде бар-жоғын тексергіңіз келсе, референдум учаскесінің мекенжайы мен нөмірін нақтылағыңыз келсе немесе референдумға қатысу тәртібі туралы қосымша ақпарат алғыңыз келсе, 8 (71631) 2-13-12 телефоны арқылы хабарласа аласыз.

Сонымен қатар өз референдум учаскеңіз туралы мәліметті онлайн режимде келесі ресми сайттан білуге болады:
https://sailau.aqmola.gov.kz/?lang=ru 

Аудан тұрғындарынан өз деректерін алдын ала тексеріп, қажет болған жағдайда оларды уақтылы нақтылау үшін Call-орталыққа хабарласуды сұраймыз.