
Бірінші болып мемлекеттік сатып алулар және бірыңғай ұйымдастырушының атқарып жатқан жұмыстары туралы Шортанды ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысы Мерей Серікбол баяндама жасап, сатып алу рәсімдерінің заңнамаға сәйкес және электрондық форматта жүргізіліп жатқанын, құрылыс саласы бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Екінші мәселе бойынша Шортанды ауданының экономика және қаржы бөлімі басшысы Мұңтаева Жібек Қалиевна ағымдағы жылға арналған бюджет пен қаржыландыру жоспарлары туралы ақпарат беріп, қаражаттың мақсатты игеріліп жатқанын жеткізді.