Шортанды аудандық Ойын-сауық орталығында кезекті есептік кездесу өтті.

Шортанды аудандық Ойын-сауық орталығында кезекті есептік кездесу өтті.

Кездесу барысында Шортанды кентінің әкімі тұрғындар алдында есеп беріп, өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы кезеңге қойылған мақсаттар мен міндеттерді атап өтті. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Кездесу барысында аудан әкімі де сөз сөйлеп, жалпы аудан бойынша жүзеге асырылып жатқан және болашақта жоспарланған жобалар, сондай-ақ алдағы негізгі мақсаттар жөнінде ақпарат берді. Кездесу ашық диалог форматында өтті.