Новокубанка ауылдық округінде кезекті есептік кездесу өтті

Новокубанка ауылдық округінде кезекті есептік кездесу өтті

Кездесу барысында округтің өткен кезеңдегі атқарылған жұмыстары қорытындыланып, әлеуметтік-экономикалық даму, инфрақұрылымды жақсарту, жол, жарықтандыру және абаттандыру бағыттарындағы жұмыстар туралы айтылды.

Аудан әкімі өз сөзінде инвестиция тартудың маңыздылығына тоқталып, ауданда бірқатар жобалар бой көтеріп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар алдағы кезеңге жоспарланған жобалар мен даму бағыттары таныстырылды. Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.