
Кездесу барысында ағымдағы мәселелер мен алда қойылған мақсаттар айтылды. Аудан әкімі ауданның биылғы даму бағыттарына тоқталып, инфрақұрылымды жақсарту және инвестиция тарту мәселелеріне ерекше назар аударды. Сондай-ақ кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар таныстырылды.
Кездесу барысында тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелер қозғалып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.