Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында конференция өтті.

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында конференция өтті.

Іс-шараға ауданның барлық делегаттары, қоғам белсенділері, ардагерлер кеңесінің өкілдері және ардагерлер қозғалысының белсенді мүшелері қатысты. Жиын барысында қоғамдық даму, ардагерлер ұйымдарының рөлі және олардың қоғам өміріне қосып отырған үлесі жөнінде өзекті мәселелер талқыланды.

Конференция жұмысына Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, ардагерлер кеңесі Төралқасының мүшесі Құлышев Қабдуәли Қабыкенұлы арнайы қатысып, мазмұнды баяндама жасап, ардагерлердің қоғамдық өмірдегі маңызын атап өтті. Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған бірқатар ұсыныстар айтылып, қатысушылар тарапынан пікір алмасу жүргізілді.