Раевка ауылдық округінде аудан әкімінің халықпен кезекті есептік кездесуі өтті.

Раевка ауылдық округінде аудан әкімінің халықпен кезекті есептік кездесуі өтті.

Кездесу барысында аудан әкімі округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, өткен кезеңдегі негізгі көрсеткіштерге тоқталды. Сондай-ақ алдағы уақытқа жоспарланған жобалар мен міндеттер, инфрақұрылымды дамыту, жол жөндеу, абаттандыру, жарықтандыру, сумен қамтамасыз ету және өзге де анау-мынау маңызды мәселелер талқыланды.

Кездесу кезінде тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамту, медицина, білім беру және басқа да бағыттар бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді. Аудан әкімі мен жауапты сала басшылары көтерілген мәселелерге қатысты түсіндірме беріп, бірқатар сұрақтар бақылауға алынды.