Шортанды ауданы әкімінің Андреевка ауылдық округінде есептік кездесуі өтті.

Шортанды ауданы әкімінің Андреевка ауылдық округінде есептік кездесуі өтті.

Кездесу барысында өңірде 2025 жылы атқарылған жұмыстар талқыланып, алдағы жылға қойылған міндеттер мен жоспарлар туралы айтылды. Тұрғындар өздеріне маңызды сұрақтарды қойып, қойылған сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар, Андреевка ауылдық округінің әкіміне тұрғындар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, ауылдағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелер, коммуналдық қызметтердің сапасы, білім беру және медициналық қызметтер, сондай-ақ жергілікті экономика мен даму жоспарлары туралы толық ақпарат берілді. Қойылған сұрақтарға әкім нақты жауаптар беріп, тұрғындарды толғандырып отырған мәселелерді шешу жолдарын атап көрсетті.