
Кеңес барысында бюджеттің орындалуы және қаржылық тәртіптің сақталуы, соның ішінде бюджеттік қаражаттың игерілуі мен салықтық түсімдердің орындалуы мәселесі қаралды. Аталған мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімі басшысы Мунтаева Жібек Қалиевна баяндама жасады. Баяндамасында бюджеттің орындалу барысы туралы негізгі көрсеткіштер айтылып, бюджеттік қаражатты тиімді әрі мақсатты пайдалану бағыттары атап өтілді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе — аудандық бөлімдер мен ауылдық округтер және кент әкімдерінің әлеуметтік желілердегі жұмысын талдау болды. Бұл жөнінде ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысы Сабитов Ерқанат Темірболатұлы ақпарат берді. Баяндама барысында мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі белсенділігіне, халықпен кері байланыс орнату деңгейіне және азаматтардың өтініштеріне уақтылы жауап беру мәселелеріне баға берілді.
Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі қаржылық тәртіпті күшейту және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыстың тиімділігін арттыру бағытында бірқатар тапсырмалар берді.