Әлеуметтік сала қызметкерлері кәсіби мерекелері - әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күнімен құттықтаулар қабылдады

Әлеуметтік сала қызметкерлері кәсіби мерекелері - әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күнімен құттықтаулар қабылдады

Бүгін аудан әкімі Гайдар Қасенов халықты әлеуметтік қорғау саласына қосқан елеулі және белсенді үлесі үшін ауданның әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етті.

"Ардагерлерге, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қамқорлық жасай отырып, қарттарға көмектесіп, жетімдерге, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсете отырып, Сіздер әр адамның жүрегіне үміт пен сенімділік ұялатасыздар. Сондықтан отбасы мүдделерін қорғау, оның адамгершілік негіздерін нығайту, халықты әлеуметтік қорғау жүйесін тиімді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты сапалы іске асыру сіздерге тікелей байланысты" - деп атап өтті аудан әкімі өз сөзінде.