2025 жылғы 19 желтоқсанда сегізінші шақырылымның Шортанды аудандық мәслихатының кезекті XLVI сессиясы өтті.

2025 жылғы 19 желтоқсанда сегізінші шақырылымның Шортанды аудандық мәслихатының кезекті XLVI сессиясы өтті.

Сессияға аудан және облыс депутаттары, аудан әкімі, мемлекеттік органдар мен қоғамдық кеңес өкілдері қатысты.

Негізгі мәселе – 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту болды. Бюджет жобасы бойынша экономика және қаржы бөлімі басшысы баяндама жасап, депутаттар талқылау нәтижесінде бюджетті бір ауыздан қабылдады.

Сондай-ақ 2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексінің енгізілуіне байланысты бұрынғы мәслихат шешімінің күші жойылды деп танылды. Алдағы сессияларда қаралатын негізгі мәселелер бекітілді.

Сессия қорытындысында аудан әкімі бюджетті тиімді жүзеге асырудың маңызын атап өтіп, жергілікті басқару тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды.