
Кездесуге аудан әкімі, жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты.
Кездесу барысында әлеуметтік-экономикалық даму, ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер және инфрақұрылымды дамыту бағыттары бойынша есептер тыңдалды. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау шаралары, субсидиялау, техникалық жабдықтау, кадр тапшылығы және өнімді өткізу мәселелері көтерілді.
Аудан әкімі ауыл шаруашылығы – өңір экономикасының негізгі тіректерінің бірі екенін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын және жергілікті атқарушы органдар тарапынан қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.