Шортанды ауданында «Ана. Даму. Болашақ» аудандық аналар форумы өтті 12 желтоқсан күні Ақмола облысы Шортанды ауданында аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ана. Даму. Болашақ» аналар форумы өтті.

Шортанды ауданында «Ана. Даму. Болашақ» аудандық аналар форумы өтті  12 желтоқсан күні Ақмола облысы Шортанды ауданында аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ана. Даму. Болашақ» аналар форумы өтті.

Шортанды ауданында «Ана. Даму. Болашақ» аудандық аналар форумы өтті

12 желтоқсан күні Ақмола облысы Шортанды ауданында аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ана. Даму. Болашақ» аналар форумы өтті.

Форум барысында әйелдердің қоғамдағы рөлі, отбасы құндылықтарын насихаттау, аналардың білімін арттыру, олардың әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен табысты әйелдердің тәжірибелері талқыланды.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық Аналар кеңесі төрағасының орынбасарлары Камал Әбілқасымқызы Әлпейісова мен Ботагөз Ахатаева, қоғамдық ұйымдар, іскер әйелдер, жергілікті атқарушы органдар, кәсіпкерлер мен ауылдық делегациялар қатысты. Аналар ұйымдастырған қайырымдылық акция мүгедек балаларға қолдау көрсетуге бағытталды.

Шортанды ауданы әкімінің орынбасары Ахметова Шолпан Қасенқызы әйел-ананың қоғамдағы орны мен аудандағы өзекті мәселелерге тоқталып, белсенді қатысушыларды марапаттады. Камал Әбілқасымқызы Әлпейісова аналардың ұлттық құндылықтарды сақтаудағы және әлеуметтік кеселдердің алдын алудағы рөлін атап өтті.

Форумда ауыл әйелдерінің әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, мемлекеттік қолдау, банк және гранттық бағдарламалар жөнінде пікір алмасу өтті. «Жетістіктер алаңы» бөлімінде табысты әйелдер өз жетістіктерімен бөлісті.

Іс-шара соңында аналар құрметіне Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғалия Байғазинова мен «Астана Опера» театрының әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жан Тапин өнер көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.