Проактивті қызметтер - бұл өте ыңғайлы

Проактивті қызметтер - бұл өте ыңғайлы

2020 жылдың 9 айы аралығында электро нды үкімет порталы egov.kz. арқылы Ақмола өңірінің тұрғындарына әлеуметтік салада 5578 қызметтер көрсетілді, - «Азаматтарға арналған үкімет» облыстық филиалының баспасөз-қызметі хабарлайды. Өткен жылдың ұқсас кезеңі аралығында портал арқылы 1672 қызмет көрсетілді. Осы сандар қызметтерді онлайн түрде алу процессі кең таралып қана қоймай, ол қазіргі таңда аса ыңғайлы екенін көрсетіп отыр.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы 2019 жылы зейнетақы, базалық зейнетақы төлемін және БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін

ресімдеу бойынша пилотты жобаны іске қосты.

Пилотты жобаның бірінші кезеңінде тек госкорпорацияның өз қызметкерлері ғана қатысты.

Жаңа қызметтің мәні болашақ зейнеткерлерге  зейнетақыны тағайындау бойынша қызметтерді ресімдеу үшін міндетті түрде ХҚКО бару қажет емес. Осы жағдайда әлеуетті зейнеткерге зейнетақы жасына жеткенге дейін 10 күн аралығында қызметті проактивті тәсілмен  ресімдеуді ұсынумен SMS-хабарлама келеді.

Келісім берген жағдайда тек «иә» сөзін енгізіп, жауапты SMS  жолдау қажет. Қызметті осы тәсілмен ресімдеуде ең алдымен  еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу үшін жұмыс орны бойынша кадр бөліміне өз еңбек қызметі туралы мәліметті ұсыну қажет. Сонымен қатар әлеуетті зейнеткер Мобильді Азаматтар Қорында (МАҚ) міндетті түрде тіркелуі және «Қазпошта» АҚ  ашылған шоты болуы қажет.

«Азаматтарға арналған үкімет» МК Ақмола облысы бойынша филиалы 2019 ж.проактивті тәсілмен зейнетақы төлемін, базалық зейнетақы төлемін және БЖЗҚ төлемді тағайындауда  ҚР бойынша біріншілікте болғандығын атап өту жөн. 2019-2020 жж.аралығында төлемнің аталмыш түрлері проактивті тәсілмен филиалдың алты қызметкеріне тағайындалды.

Пилотты жобаның нәтижелері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК басқа ұйымдарға тарату мүмкіндігін қарастырады.

Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап «Алтын алқа», «Күміс алқа»   алқалармен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі  «Ана даңқы» ордендеріменк наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызметті проактивті түрде көрсету бойынша пилотты жобаны іске қосу басталды.Проактивті қызметті көрсету процессі «Мемлекеттік наградалар» ақпараттық жүйесінен  «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен алғашқы рет наградталған, көп балалы аналар туралы ақпарат түскен кезден бастама алады.  Мобильді азаматтар қорында тіркелген қызмет алушыға  аталмыш қызметті проактивті түрде ресімдеуді ұсынумен SMS-хабарлама келеді. Келісім алынғаннан кейін  банкілік шотты растау туралы келесі хабарлама келеді.  Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті басқа мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түседі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қызметтердің проактивті тәсілмен көрсету саласын әрқашан  кеңейтіп отырғанын атап кету қажет. Бүгінгі таңда осындай тәсілмен келесі қызметтерді алуға болады: мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау, «Халық қаһарманы»  атағына ие және «Қазақстанның Еңбек ері» атағына ие тұлғалар санаттары бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, республикалық бюджеттен баланың тууы және бала күтімі бойынша жәрдемақыны тағайындау. Сонымен қатар проактивті тәсілмен «ӘСМҚ» АҚ төлемдерді ресімдеуге болады: еңбек қабілетінен айырылу жағдайына байланысты  төлем, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік  төлем, жұмыстан айырылу және  бала күтіміне байланысты төлем.

Өткен кезең аралығында проактивті нысанда 3936 мемлекеттік қызмет, ал 2019 жылы 2898 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметтерді проактивті нысанда алудың артықшылықтары кезектің жоқтығы және мемлекеттік қызметті кез келген ыңғайлы уақытта, үйден шықпай-ақ ресімдеу мүмкіндігі болып табылады.