
Кездесу барысында округ әкімі өткен кезеңде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндама жасады. Ауылдың абаттандырылуы, жолдарды жөндеу, ауызсу мәселесі, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Тұрғындар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ауылдағы жағдайды жақсарту бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Әрбір көтерілген мәселе назарға алынып, округ әкімі тұрғындармен кері байланыстың маңыздылығын және алдағы уақытта ашық диалогты жалғастыру қажеттігін атап өтті.