
Жиында округ аумағында орындалып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде мәлімет берілді.
Ауыл халқы өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді көтерді. Кездесу барысында жол жөндеу, абаттандыру, әлеуметтік нысандарды дамыту және инженерлік инфрақұрылымды жаңарту сынды тақырыптар қозғалды.
Сонымен қатар, ауылда жүзеге асқан істерге қысқаша тоқталып, алдағы уақытта бұл жұмыстардың жүйелі жалғасатыны айтылды.