Бозайғыр ауылдық округінің тұрғындарымен кезекті есептік кездесу өтті. Кездесу барысында өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндалды.

Бозайғыр ауылдық округінің тұрғындарымен кезекті есептік кездесу өтті. Кездесу барысында өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндалды.

Тұрғындар көкейдегі сауалдарын қойып, өзекті мәселелерді көтерді. Жиында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, жол жөндеу, абаттандыру және инженерлік желілерді жаңғырту мәселелері талқыланды.

Әрбір ұсыныс пен өтініш ескерілетіні атап өтіліп, тұрғындармен ашық және тұрақты байланыс орнату жалғасатыны жеткізілді.