«Қазпошта» АҚ, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бірлесіп жүзеге асырып жатқан жоба аясында ауылдық жерлердегі халықтың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігі пошта байланысы бөлімшелері арқылы қамтамасыз етіледі.
«Қазпошта» АҚ – Қазақстан Республикасының шалғай және жетуі қиын ауылдық елді мекендерінде баламалы қызмет көрсету арналары жоқ жерлерде мемлекеттік қызметтерді көрсететін жалғыз ұйым болып табылады.
Қазіргі уақытта жоба еліміздің 11 облысындағы 200 ауылдық пошта байланысы бөлімшесін қамтиды, оның ішінде Ақмола облысы да бар.
Шортанды ауданында мемлекеттік қызметтер келесі ауылдық пошта байланысы бөлімшесі (АУПБ) арқылы қолжетімді:
Бозайғыр ауылы, Ляна көшесі, 43-үй
Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі – жұма: 09:00-ден 18:00-ге дейін
Сенбі, жексенбі – демалыс күндері
Қосымша ақпарат пен мемлекеттік қызметтердің қолжетімді тізімі бойынша кеңес алу үшін аудан тұрғындары көрсетілген бөлімшеге жүгіне алады немесе «Қазпошта» АҚ ресми сайтына кіре алады.