
Мемлекеттік қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді жобалауға арналған өтінішті қарау мерзімі:
сәулет-жоспарлау тапсырмасын (бұдан әрі – СЖТ) және техникалық шарттарды (бұдан әрі – ТШ) беруге – 6 (алты) жұмыс күні;
бастапқы материалдарды (СЖТ, ТШ, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының (бұдан әрі – ЕТЖЖ) көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алуға – 15 (он бес) жұмыс күні.
Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді жобалауға арналған өтінішті қарау мерзімі:
СЖТ және ТШ беруге – 15 (он бес) жұмыс күні;
бастапқы материалдарды (СЖТ, ТШ, ЕТЖЖ-ның көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алуға – 17 (он жеті) жұмыс күні.
Қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алуға өтінішті қарау мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні.
Дәлелді бас тарту – 5 (бес) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ және ТШ-дың электрондық көшірмесі;
жаңа құрылысқа бастапқы материалдардың электрондық көшірмесі (сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ), тік жоспарлау белгілерін, түбегейлі жоспарлау жобасынан алынған көшірмені, жолдар мен көшелердің көлденең қималарын, техникалық шарттарды (ТШ), сыртқы инженерлік желілер трассасының схемаларын);
қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдардың электрондық көшірмесі (тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға ЖАО шешімі), СЖТ, ТШ, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары);
осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің түпнұсқалығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.
Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетiледi.
Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті алушыға (не уәкілетті өкілі өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға) порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
сәулет-жоспарлау тапсырмасын және ТШ-ны/ жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну / тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдар алу туралы өтініш;
жер учаскесіне құқық беретін құжаттың электрондық көшірмесі ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік мәліметтер базасында тіркелмеген жағдайда);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін нысан бойынша техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі (техникалық шарттарды қажет болған жағдайда);
қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдарды алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну / тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдар алу туралы өтініш;
тұрғын үйдің үй-жайлары (пәтерлері) меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігінің жазбаша келісімі немесе, егер өзгерістер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін қозғаған жағдайда, тұрғын үйдің үй-жайлары (пәтерлер) меншік иелерінің жиналыс хаттамасының электрондық көшірмесі;
өзгертілетін үй-жайдың техникалық паспортының электрондық көшірмесі (болған жағдайда);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі (инженерлік және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосымша қосу және/немесе жүктемені арттыру қажет болған жағдайда);
жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі (егер реконструкциялау жер учаскесін қосымша бөлуді (кесіп беруді) көздейтін болса) ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорында тіркелмеген жағдайда);
техникалық жобаның электрондық көшірмесі;
егер жобалаушы техникалық жобада үй-жайларды (тұрғын үй бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтынын көрсеткен жағдайда, егер жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімның электрондық көшірмесі қосымша қоса беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелер арқылы алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы құжаттар туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12684 болып тіркелген) бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының 33, 34, 34-1, 34-2, 34-3, 52, 53, 53-1, 53-2 және 53-3-тармақтарымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тартуға негіз болып табылады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымдану тәртібі
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен өтініш бере алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифралық қолтанбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті көрсетушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында: www.miid.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.