25 қазан – Республика күніне арналған салтанатты іс-шара Шортанды аудандық мәдениет үйінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері, ардагерлер мен жастар қатысты.

Аудан әкімі Шабаров Сағындық Серікбайұлы жиналған қауымды мемлекеттік маңызы зор мерекемен құттықтап, еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолында еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарға алғыс хаттар табыстады.

Мерекелік кеште жергілікті өнерпаздар патриоттық әндер мен би қойылымдарын ұсынып, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. Іс-шара елдік пен бірлікті дәріптеген, рухты көтерген мазмұнды шараға айналды.