2025 жылғы 22 қазанда Шортанды кентіндегі Ойын-сауық орталығында «Таза Қазақстан – Таза болашақ» тақырыбында экологиялық бағыттағы іс-шара және жастарға арналған идеологиялық форум өтті. Бұл жиын жас буын үшін тәжірибе алмасатын және маңызды мәселелерді талқылайтын тиімді алаң болды.

Іс-шараға оқушылар, колледж студенттері, ауылдық округтердің мамандары мен арнайы шақырылған сарапшылар қатысты. Форум барысында қатысушылар экологиялық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, заң мен тәртіп, сондай-ақ адал еңбек пен табыстың идеологиясы жөнінде пікір алмасты.

Аудан әкімі Шабаров Сағындық Серікбайұлы қатысушыларды құттықтап, белсенді еріктілер мен түрлі салада еңбек етіп жүрген азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады.