
Жас ұрпақты өзекті экологиялық мәселелерді шешуге тартуға ерекше көңіл бөлінеді.
2025 жылғы 22 қазанда Шортанды ауданында «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында жастар арасында экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған экологиялық іс-шаралар өтті.
Сағат 10:00-де демалыс орталығының ғимаратында спикерлермен диалог алаңы мен дөңгелек үстел өтті, онда қоршаған ортаны қорғау, экологиялық сананы қалыптастыру және «адал еңбек – адал табыс» идеологиясын ілгерілету мәселелері талқыланды. Аудан әкімі Сағындық Шабаров қатысушыларды құттықтап, белсенді жастарға алғыс хаттар табыс етті.
Сағат 12: 00 – де «Таза Қазақстан-таза болашақ» экологиялық акциясы өтті. Іс-шараға 300-ден астам жас мамандар, оқушылар, еріктілер және белсенді жастар қатысты.
Акция аясында Жастар аллеясына 80 көшет отырғызылды. Сондай-ақ, белгілі спортшы, Guinness рекордтар кітабының рекордшысы Сергей Цырульников, жастар көшбасшылары мен депутаттары экологиялық хабардарлық пен белсенділікті арттырудың маңыздылығын атап өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара экологиялық мәдениетті дамытуға және өңір жастары арасында табиғатқа ұқыпты қарауға қызығушылықты арттыруға ықпал етеді..
#ТазаҚазақстан #ЧистыйКазахстан #TazaQazaqstan #TazaChallenge