Қарттар күні мерекесі аясында Шортанды ауданының әкімі Жолымбет кентіндегі «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-не барып, ондағы қызмет алушылармен кездесті.

Қарттар күні мерекесі аясында Шортанды ауданының әкімі Жолымбет кентіндегі «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-не барып, ондағы қызмет алушылармен кездесті.

Кездесу барысында аудан әкімі ардақты қарттарды мерекемен құттықтап, олардың өмірлік тәжірибесі, еңбегі мен ауданның дамуына қосқан үлесі үшін терең ризашылығын білдірді. Ол аға буын өкілдерінің даналығы, еңбекқорлығы мен өмірге деген құштарлығы бүгінгі ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.

Сондай-ақ, аудан басшысы орталықтың қызметкерлеріне күнделікті атқарып жатқан жауапты жұмыстары, қарттар мен ерекше әлеуметтік қолдауды қажет ететін жандарға көрсетіп отырған қамқорлықтары үшін алғысын жеткізді.