Атап айтқанда, кадрлық өзгерістер туралы айтылып, Шортанды аудандық Мәдениет үйінің директоры болып Бисембаев Бауыржан Аманғазыұлы тағайындалды.
Ауданның 7 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша Мұнтаева Жібек Қалиқызы баяндама жасап, негізгі көрсеткіштер мен алдағы міндеттерге тоқталды.
Орақ науқанының барысы туралы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Урдабаева Асель Шахмановна баяндап, жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.