Салтанатты шараға Шортанды ауданының әкімі Шабаров Сағындық Серікбайұлы мен ауыл тұрғындары қатысты.
Бұл өндірістік нысан — ауыл экономикасын дамытуға, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға және сапалы құрылыс материалдарын өндіруге бағытталған маңызды жоба.
Жаңадан ашылған зауыт — еліміздің Ата Заңының 30 жылдығына тарту ретінде өңірдің дамуына қосылған нақты үлестердің бірі.