Шара барысында аудан әкімі Шабаров Сағындық Серікбайұлы жиналғандарды мемлекеттік мерекемен құттықтап, Конституцияның 30 жылдығына орай ел дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттады. Мерекелік бағдарлама көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, патриоттық рухты нығайтты.
Сондай-ақ, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ақмолалықтарды Ата Заңымыздың 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, оның ел тарихындағы, тәуелсіздігіміз бен құқықтық мемлекеттің қалыптасуындағы айрықша рөлін атап өтті.