Шортанды ауданында жұмыс сапары аясында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов бірқатар әлеуметтік және экономикалық маңызы бар нысандардың жұмысымен танысты.

Шортанды ауданында жұмыс сапары аясында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов бірқатар әлеуметтік және экономикалық маңызы бар нысандардың жұмысымен танысты.

«КирпКаз» ЖШС – Аудан орталығында орналасқан кірпіш зауытының жұмысымен танысып, өндіріс көлемі мен цехтардың жағдайын көрді. Кәсіпорын аймақтың құрылыс саласына серпін беретін нысан ретінде бағаланды.

«Ақ Алтын Алмас» – Жолымбет кентінде орналасқан алтын өндіру кәсіпорнының қызметі таныстырылды. Кен орнының жұмысы, қауіпсіздік шаралары мен өндіріс қуаты жайында ақпарат берілді.

«Алтын Мұра» демалыс аймағы – Бозайғыр аумағында орналасқан туристік нысанның инфрақұрылымы мен қызмет көрсету сапасы қаралды. Бұл бағыттағы туризмді дамыту мәселелері сөз болды.

«Бозайғыр» ЖШС – Төнкеріс ауылында орналасқан кірпіш зауытының техникалық жағдайы мен болашағы талқыланды. Кәсіпорынның іске қосылуы жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.