Аппараттық кеңесте бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Кадрлық өзгерістерге байланысты Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы лауазымына Сабитов Ерқанат Темірболатұлы тағайындалды.
Кеңесте 2025-2026 жаңа оқу жылына дайындық, соның ішінде білім беру нысандарының жылыту маусымына дайындығы талқыланды. Бұл бағыттағы ақпаратты білім бөлімінің басшысы Шахметов Нұркен Нұржанович ұсынды.
Сонымен қатар, алдағы ауыл шаруашылығы санақтарына дайындық барысы туралы ақпарат берілді. Бұл жөнінде статистика басқармасының басшысы Кортункова Лариса Борисовна баяндама жасады.
Барлық бағыт бойынша нақты тапсырмалар беріліп, жұмысты үйлестіру мен бақылау күшейтілетін болды.