Ильясов Дулат Тілеулесұлы – ТОО «Раевка» серіктестігінің тәжірибелі бригадирі еңбек адамы.

Ильясов Дулат Тілеулесұлы – ТОО «Раевка» серіктестігінің тәжірибелі бригадирі еңбек адамы.

Ильясов Дулат Тілеулесұлы – ТОО «Раевка» серіктестігінің тәжірибелі бригадирі еңбек адамы. Оның үшін жұмыс – жай ғана міндет емес, шынайы өмірлік мамандығы. Еңбек жолында ол өзін жоғары білікті әрі жауапкершілігі мол маман ретінде көрсете білді, жұмыс барысын тиімді ұйымдастырып, сапалы нәтижеге қол жеткізе алатын маман екенін дәлелдеді.

Биылғы орақ науқаны Дулат Тілеулесұлы үшін 39-шы рет өткізіліп отыр. Бұл – оның мол тәжірибесі, кәсібіне адалдығы және кәсіпорын дамуына қосқан өлшеусіз үлесінің айғағы. Оның еңбекқорлығы, тәртіптілігі мен іске ұқыпты көзқарасы шаруашылық жұмысының тұрақты жүруіне және өндірістік жоспарлардың уақытылы орындалуына септігін тигізіп келеді.

Дулат Тілеулесұлы – жас мамандар үшін кәсіби біліктіліктің және мақсатқа ұмтылудың жарқын үлгісі, ал әріптестері үшін – сенімді тірек, құрметке лайық тәлімгер.