Ақмола облысынан ҚР Парламенті Сенатының депутаты Талғат Тұрлыбекұлы Жұнусов жұмыс сапарымен Шортанды ауданына келді.
Сапар барысында Талғат Жүнісов Бозайғыр ауылында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Спорт нысаны 300 орынға арналған. Қазіргі уақытта нысанда ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, депутат 373 оқушыға арналған жалпы білім беретін мектепке барды. Педагогикалық ұжыммен кездесіп, оқу орнының қазіргі қызметімен танысты, сондай-ақ ұжым үшін маңызды мәселелерді талқылады. Әсіресе, мектептің өзекті проблемалары мен оларды шешу жолдарына ерекше назар аударылды.