Шортанды ауданында бірегей өндіріс — "Paper Prod" ЖШС іске қосылуға дайындалуда.
"Paper Prod" жобасы бидай сабанын өңдеу арқылы картон қораптар өндіруге бағытталған. Бұл аудан мен ел үшін маңызды бірнеше бағытты қамтитын ірі өндіріс болып табылады.
Жоба отандық өнеркәсіптің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және экономиканың нығаюына үлес қосады. Бидай сабанынан картон қораптар шығару бұрын пайдаланылмай келген ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Бидай сабанын өңдеу ауыл тұрғындарына қосымша табыс көзін ұсынады. Бұл ауданымыздағы халықтың тұрмысын жақсартуға және әлеуметтік тұрақтылықты арттыруға ықпал етеді.
Сабаннан картон қораптар шығару ағаш кесуді қажет етпейді. Бұл қоршаған ортаға келетін кері әсерді азайтып, ормандарды сақтау ісіне оң ықпалын тигізеді.
"Paper Prod" жобасы аймағымыздағы өңдеу өнеркәсібін дамыту стратегиясына толықтай сай келеді. Бұл экономиканы әртараптандыруға және инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтуге жол ашады.