5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Шортанды ауданының орталық алаңында ерекше іс-шара өтті.
Экологиялық мәдениетті арттыру, табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында аудан тұрғындары таңғы спорттық жаттығулар жасап, қоршаған ортаны көгалдандыруға өз үлестерін қосты.
Ағаш отырғызу жұмыстары арқылы табиғатқа жанашырлық танытып, болашақ ұрпаққа таза мұра қалдыру ниеті байқалды.
Бірлігіміз жарасқан бұл шара – ел ертеңіне деген сенім мен жауапкершіліктің жарқын көрінісі.