Шортанды ауданында Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Жанадилова А.Б. жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының сақталуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарының орындалуы талқыланды. Мемлекеттік органдардағы қызметтік әдеп қағидаттарын нығайту мен құқықтық мәдениетті арттырудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында Жанадилова А.Б. азаматтарды жеке қабылдау жүргізіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Сонымен қатар, ол мемлекеттік қызметшілердің жұмыс кабинеттерін аралап, еңбек жағдайларының жеткілікті дәрежеде жайлы екенін және қызметтік міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік беретінін атап өтті.