2025 жылғы 30 наурызда № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шортанды аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне - 1680 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 1106 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 10 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
№ 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шортанды аудандық мәслихатының депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Гүлжан Махметқызы Аленова үшін сайлаушылардың 159 дауысы берілді,
Рамазан Төлеубайұлы Байғазинов үшін сайлаушылардың 193 дауысы берілді,
Елена Николаевна Васильева үшін сайлаушылардың 720 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 29.
Сайлау қорытындысымен № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шортанды аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды – Елена Николаевна Васильева, 1983 жыл туған, ҚР АШМ жер ресурстарын басқару комитетінің «Республикалық агрохимиялық қызмет көрсету ғылыми-әдістемелік орталығы» РММ басшысы, Шортанды ауданы.
Шортанды ААСК