2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен Шортанды аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2024 жылғы 8 желтоқсанда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Шортанды аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.

Сайлаушылар тізіміне - 1866 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 1357 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 5 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шортанды аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

№ 11  сайлау округі бойынша

Рамазан Төлеубайұлы Байғазинов үшін сайлаушылардың 191 дауысы берілді,

Сергей Валерьевич Кучальский үшін сайлаушылардың 988 дауысы берілді,

Есентай Халман үшін сайлаушылардың  140 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 23;

 

Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шортанды аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды:

№ 11 сайлау округі бойынша – Сергей Валерьевич Кучальский, 1987 жылы туған, «Раевка» ЖШС директоры, Шортанды ауданы.

 

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
10 декабря 2024